Елордада тұрғынды гипноздап, ақшасын алып кеткен әйел ұсталды

645

Ол Өзбекстан Республикасының 26 жастағы азаматшасы болып шықты.

Елордада тұрғынды гипноздап, ақшасын алып кеткен әйел ұсталды Фото: google

Полицияға әйел арызбен жүгініп, гипнозбен оның ақшасын алып қойғанын хабарлаған. Есіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқ әйел анықталды. Ол Өзбекстан Республикасының 26 жастағы азаматшасы болып шықты және оның жүктіліктің жетінші айында екені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алданған әйел күндіз Тұран даңғылының бойымен бейтаныс әйел келіп, онымен сөйлесе бастағанын айтты. Көз тиген деген сылтаумен ол тазартуды ұсынған. Содан кейін тазару жорасын жүргізген болып, алаяқтық жолмен 105 мың теңге көлемінде ақша сомасын иемденген. Біраз уақыттан кейін “мейірімді” әйелдің алаяқ екенін түсінген жәбірленуші полицияға жүгінген. 

Алаяқтық фактісіне қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қаскүнемге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оның қазіргі уақытта елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. 

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу