Елордада "Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары" көрмесі басталды

835

Мереке қарсаңында ұйымдастырылған шарада ежелгі түрік халықтарының әйелдері таққан әшекей-бұйымдар көпшілікке ұсынылған  деп жазады inbusiness.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Елордада "Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары" көрмесі басталды Фото: kazislam.kz

Көрменің ашылу салтанатына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Н.Назарбаев орталығының басшылығы, белгілі қоғам қайраткерлері, Сенат депутаттары, сондай-ақ, Қазақстандағы дипломатиялық өкілдер қатысты.

Министр Дархан Қыдырәлі өз сөзінде түркі халықтары әйелді ерекше қадірлеп, оларды өмір сыйлаушы, дәстүрді сақтаушы ретінде құрметтегенін айтып, олардың әсемдігіне көрік берген зергерлік бұйымдардың сан алуандығы түркі халықтары мәдениетінің бір бөлігі деп атап өтті.

"Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары" көрмесі Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 27 наурызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу