Елордада тұтас бір аудан карантинге жабылды

772

Абылайхан – Рысқұлбеков – Мүсірепов және Мұстафин көшелерінің аумағында шектеу шаралары енгізілді.  

Елордада тұтас бір аудан карантинге жабылды

Елордада тұтас бір аудан карантинге жабылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Коронавирус дертін жұқтырған адамдар тұрған аймақтағы 9 үй карантинге алынған. Мұнда арнайы белгілер орнатылған, полиция кезекшілікте тұр. Тұрғындарға жақын маңдағы азық-түлік дүкендеріне ғана баруға болады. Қалған жағдайларда үйден шығуға қатаң тыйым салынады.  Дәрі-дәрмектерді тапсырыспен алады.

Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  22 нысан карантинге жабылыпты. Арасында  4 денсаулық сақтау нысаны мен 2 жатақхана және "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу