Елордада уақытша тіркелген шетелдіктер саны 30%-ға ұлғайды

617

Заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жедел-профилактикалық іс-шаралары жүйелі өткізіліп келеді.    

Елордада уақытша тіркелген шетелдіктер саны 30%-ға ұлғайды Фото: egemen.kz

Астана қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Анар Жомартованың айтуынша, елордаға тұрақтаған шетелдіктердің саны артты, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылдың қорытындысы бойынша уақытша тіркелген шетел азаматтарының санының өскені байқалды. 2021 жылмен салыстырғанда 30 пайыз өсім болды, яғни 42 762 шетелдік тіркелді", - дейді Анар Жомартова.

Ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда Астанада 13 668 шетел азаматы ықтияр хатпен тұрып жатыр. Олардың арасында 5 949 этникалық қазақ бар. Ал, азаматтығы жоқ 361 адам тұрып жатыр.

Жалпы, көші-қон қызметі басқармасы елге келетін шетел азаматтарының саны күрт ұлғаюына байланысты көші-қон режимі аясында тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. Шетелдікдердің Қазақстанда тіркелуіне бақылау күшейтілген режимде жүргізілуде. "Мигрант", "Участок" заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жедел-профилактикалық іс-шаралары жүйелі өткізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу