Елордада үйлер газға қосыла бастады

841

Железнодорожный тұрғын алабында (Алматы ауданы) бірінші тұтынушы газға қосылды. 

Елордада үйлер газға қосыла бастады Фото: astana.gov.kz

700-ден астам тұрғын техникалық шарттар алды, фронт-кеңселерде 3 мыңнан астам адам кеңес алды. Газдың бір текше метрінің бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге төмендетілді, деп жазады әкімдіктің ресми сайты.

Агроқалашық тұрғын алабының бір бөлігі, Промышленный, Көктал-2 тұрғын алаптарында да құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қысымды сынау жүріп жатыр. Қосылу үстіміздегі жылдың желтоқсан айына дейін жоспарланған. Жыл соңына дейін Көктал-1 тұрғындары да газға қосыла алады.

"Елорданы газдандыру – Тұңғыш Президент – Елбасының тарихи жобасы. Газдандыру қоршаған ортаны жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Көмірді қайда сақтау керегін, оның сапасын уайымдаудың қажеті жоқ. Адамдар көмірқышқыл газымен уланған жағдайлар болды. Осы мәселелердің барлығы шешімін табады. Газдандыру процесі бірнеше сатыда өтеді және барлық тұрғын аудандар кезең-кезеңімен қосылады. Осы жылыту маусымында ЖЭО-1 және ЖЭО-2 бірқатар қазандықтары да газға ауыстырылды", – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Ішкі газбен жабдықтау желілерін орнатқан тұрғындарды қосу үшін Республика даңғылы, 24 мекенжайы бойынша "Парасат" бизнес орталығы "Қазтрансгаз Аймақ" АҚ кеңсесіне хабарласу қажет. Бұл ұйым ішкі газбен жабдықтау желілерінің қауіпсіздігі мен тікелей қосылуын тексерумен айналысады, әрі қарайғы жұмысына да жауап береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу