Елордада Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль өтеді

517

Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек спорт түрлерінен еліміздің барлық өңірі сынға түсетін болады. 

Елордада Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль өтеді Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласында 4-10 қыркүйек күндері Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль өтеді, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Төрт жылдықтың басты додасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, ұлттық спорт түрлері бойынша федерациялар және Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді.

"Қазанат" ипподромы - көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, дәстүрлі садақ ату, құсбегілік.

Ұлттық спорт түрлерінен өтетін бәсеке мынадай спорт кешендерінде өтеді:

  • "Qazaqstan" ЖАСК - асық ату, тоғызқұмалақ.
  • Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы - қазақ күресі.
  • "Аспан" спорт кешені - жекпе-жек.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу