Елордада үш ауысымда оқытатын мектептер саны азаяды

912

Нұр-Сұлтанда 2020 жылы 12 мектеп салынып, пайдалануға беріледі. 

Елордада үш ауысымда оқытатын мектептер саны азаяды

Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов бірқатар оқу орынына барып, олардың құрылысымен танысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Салынып жатқан мектеп (Керей Жәнібек Хандар көшесі 12/1) №59 мектептегі үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

"Мектеп құрылысында үлкен тәжірибеміз бар. Қандай да бір кемшіліктерді байқасақ, бірден түзетеміз. Мұғалімдер мен оқушыларға ғимарат ыңғайлы болуы керек. "Қарапайым заттар экономикасын"  қолдаймыз, мектеп құрылысы барысында қолданылатын материалдың  90% - отандық өнім", – деді мектеп салушы.

Қала әкімі Алтай Көлгінов сапалы құрылыстың маңыздылығын атап өтті.

"Мектептерді сұраныс бар жерлерде саламыз. Оларды тиісті деңгейде салу керек. Санитарлық нормаларды қатаң сақтап, аумақты абаттандыру керек".  

Биыл Нұр-Сұлтанда 12 мектеп салынып, пайдалануға беріледі. 2021 жылы тағы 12 мектеп салынады. Оқу орындарының құрылысына жеке инвесторлар да тартылды. Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 60 мың орындық 50 мектеп (оның ішінде 10-ы мектептердің аумағында) салу жоспарланған. Бұл екі ауысымда 120 мыңға жуық оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу