Елордада үш кассациялық сот құрылуы мүмкін

305

Жоғарғы Соттағы кассациялық сатының қазіргі үлгісі азаматтардың сұранысын толық қанағаттандырмайды.

Елордада үш кассациялық сот құрылуы мүмкін Фото: PIXABAY.COM

Азаматтық және қылмыстық істердің тек 5 %-ы ғана кассациялық қайта қарауға жетеді, сондықтан сот жүйесін реформалауды көздейтін жаңа Заң жобасында үш кассациялық сот құру талап етіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Жаңа модель елордада үш кассациялық сотты, яғни қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша соттарды құруды көздейді.

Жұмыс тобының қарауына енгізілген ұсыныстар бойынша:
- кассацияға істер алдын ала қараусыз үш судьядан тұратын алқаға тікелей түсетін болады;
- кассациялық сотта істерді қарау мерзімі 6 айдан аспайды;
- сот процесі тараптарды шақыра отырып, ауызша жүргізілетін болады.

"Кассациялық соттардың құрылуымен Жоғарғы Соттың рөлі де өзгереді. Оның жұмысы сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге бағытталады.
Сот актілерін Жоғарғы Сот судьясының ұсынуы бойынша ерекше жағдайларда Жоғарғы Сотта қайта қарау мүмкін болады. Яғни, егер оларды жергілікті және кассациялық соттар сот практикасына қайшы қабылдаса не құқықты дамыту мүддесі үшін. Ұсынылған жаңа механизм Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы институтын ауыртпалықсыз жоюға мүмкіндік береді", - деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Валерьевна.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу