Елордада үш тілді тегін оқытатын әлеуметтік жоба өз жұмысын бастады

700

Сабақтар аптасына үш рет "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығына қарсы "Ғашықтар" саябағында өтеді.

Елордада үш тілді тегін оқытатын әлеуметтік жоба өз жұмысын бастады

Астанада "Тілдер саябағы" әлеуметтік жобасы өз жұмысын бастады, оның аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің курстарына жазылып, тегін оқуға болады, деп хабарлайды elorda.info Есіл ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.

Тілдер саябағы - қала тұрғындарына саябақтарда үш тілді үш ай бойы тегін оқытуға бағытталған әлеуметтік жоба.  Дайындық деңгейі "Beginner" және "Elementary". Бағдарлама 6 жастан бастап түрлі жастағы адамдарға арналған.

Курсты оқып, аяқтағаннан кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі.

Сабақтар аптасына үш рет "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығына қарсы "Ғашықтар" саябағында өтеді. Сабақ кестесін docs.google.com сілтемесін басу арқылы біле аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу