Елордада "үздік аула сыпырушы" анықталады

1010

Байқоңыр ауданының ПИК ассоциациясы үздік пәтер иелерінің кооперативін анықтауға арналған байқау жариялады.

Елордада "үздік аула сыпырушы" анықталады Фото: kn.kz

Сондай-ақ байқауда үздік электрик, сантехник, аула сыпырушы, еден жуушылар да анықталады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Байқауды Байқоңыр ауданының ПИК ассоциациясы ауданы әкімдігі аппаратының қолдауымен бірлесіп өткізеді.

Байқауға қатысуға өтінімдер 15 наурыз бен 30 сәуір аралығында қабылданады.

"Байқау тұрғын үй қорын күтіп ұстау және аула аумақтарын абаттандыру бойынша барынша адал қызмет көрсететін ұйымдарды анықтауға бағытталған. Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының "Байқоңыр" ауданы шегінде қызмет көрсететін ұйымдар қатысуға құқылы. Үздік ПИК, төрағаны/директорды, техникалық персоналды (электрик, сантехник, аула сыпырушы, еден жуушы) таңдау туралы шешімді Байқоңыр ауданының ПИК Ассоциациясының басқарма мүшелері тұрғындармен жұмыс істеу сапасы, ПИК тұрғындар алдындағы есебі, жылыту маусымына дайындық паспорттарын уақытында алу және т. б. сияқты әзірленген өлшемдер негізінде қабылдайды", – делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Жүлделі орындар үшін сыйақы мөлшері мен түрін Байқоңыр ауданының ПИК Ассоциациясының басқарма мүшелері және Байқоңыр ауданының әкім аппараты анықтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу