Астана қаласында "Отбасы – бақыт мекені" жобасы аясында "Үздік жас отбасы" байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Байқаудың мақсаты – жас отбасылар арасында мәдениет, салт-дәстүр мен адамгершілік құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайту.
Конкурстың міндеттері:
- дәстүрлі отбасылық құндылықтарды және отбасына деген жауапкершілікпен қарауды насихаттау;
- жастар арасында ұлттық, мәдени дәстүрлер мен отбасылық әулеттерге құрмет;
- жас отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру;
- салауатты отбасылық демалысты ұйымдастыру;
- отбасылардың шығармашылық әлеуетін ашуға жәрдемдесу;
- жас отбасыларға қолайлы көңіл күй сыйлау;
- мәдени мұраны және қоғамның үздік дәстүрлерін сақтау.
Отбасылар келесі жүлделерге ие бола алады:
1 орын – 500 000 тг
2 орын – 350 000 тг
3 орын – 250 000 тг
Өтініш беру үшін Telegram мессенджері арқылы 8 (777) 010 4240 нөміріне келесі құжаттарды жіберу қажет.
- Сканерленген неке туралы куәлік.
- Сканерленген ерлі-зайыптылардың екеуінің жеке куәлігі.
- Байланыс мәліметтері.
- Instagram аккаунты.
"Неліктен біз бұл сайыста жеңіске жетуіміз керек" тақырыбына бейнеролик.