Елордада вакцина салу қарқыны төмен

782

Премьер-министр Асқар Мамин мемлекеттік шекарада бақылау күшейтілуі тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елордада вакцина салу қарқыны төмен

"Ауруханалардағы орындардың жүктемесі 25%, жансақтау бөлімдерінде 21%-ды құрап отыр. Елорда "қызыл" аймақта, вирус жұқтырғандар саны азаймай тұр. Бұл елордада қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін және вакцина салу қарқыны төмен екенін көрсетеді. Жалпы өңірлердің басым бөлігі - "жасыл" аймақта, 5 өңір - "сары" аймақта", – деді Асқар Мамин. 

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінге дейін 2,8 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін, 1,7 миллионнан астам адам екінші компонентін салдырды. 

"Өздеріңізге белгілі, елордада коронавирустың "дельта" штамына тән мутациясының ықтималдығы анықталып отыр. Оның таралу жылдамдығы өте жоғары және салдары ауыр", – деді Асқар Мамин. 

Оның сөзінше, көрші елдерде жағдай күрделі. Сондықтан мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту қажет.  

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу