Қалалық веложарыс жүйесінде қосымша тарифтік жоспарлар іске қосылды, деп xабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
1 мамырдан бастап Astana Bike жобасы алтыншы веломаусымды іске қосты. Тұрақты пайдаланушылардың өтініштері бойынша қосымша тарифтік жоспарлар әзірленді. Енді абонементті бір айға, үш айға және бір жылға сатып алуға болады. 1 ай – 2,5 мың теңге; 3 ай (тоқсандық) – 6 мың теңге; 1 жыл – 10 мың теңге.
Өзгерістер сондай-ақ SMS тарифтеріне де қатысты. 1 күн (тәулік) – 3,5 мың теңге; 3 күн – 9 мың теңге; 7 күн/апта – 17,5 мың теңге "Карточкалық тарифтердің икемді жүйесі қала тұрғындарына абоненттерді белгілі бір мерзімдерге ғана сатып алуға мүмкіндік береді", – дейді қоғамдық қордың атқарушы директоры Алмагүл Қасымова.