Елордада волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар байқауы басталды

706

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы 14-29 жас аралығындағы белсенді жастар арасында волонтерлық бастамаларды қолдауға арналған 350 000 теңге көлеміндегі шағын гранттар байқауын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар байқауы басталды

"Бұл жоба үшінші жыл қатарынан іске асырылуда. Мақсатымыз – азаматтардың, волонтерлар мен волонтерлік ұйымдардың оң бастамаларын қолдау. Бәріңізді елордамыздың өркендеуіне үлес қосуға – байқауға қатысуға шақырамын", – деді Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Өтінімдерді осы жылдың 22 сәуіріне дейін қабылданады.

Жобалар қаланың экологиялық, экономикалық әлеуметтік проблемасын шешуге арналған және инновация, ғылым, спорт т.б. бағыттар бойынша қабылданатын болады.⠀

Өтінімдер grants.2022@bk.ru поштасы арқылы қабылданады.

Байқау ережесі мен өтінім сілтемесі @ns_jastary парақшасында жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу