Елордада зағип жандарға арналған аудиокітаптың тұсаукесері өтті

739

Нұр-Сұлтан қаласының "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы Толқын Қабылшаның "Осы бір сәт ұнайды" аудиокітабының тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада зағип жандарға арналған аудиокітаптың тұсаукесері өтті

Бұл іс-шара – кітапхананың "Дыбыстандырылған әлем" жобасы аясындағы зағип жандарға арналған кітаптарды дыбыстау жұмысының нәтижесі.

"Елорданың төрінде арнайы кітапханада мазмұнды шара өтті. Бұл жиын сондай бір жүрекке жылы, ерекше әсер қалдырды. Себебі мұндағы оқырмандар көз жанары нашар көргенмен жүрегі жырға құмар, қазақтың поэзиясына соншалықты ынтызар. Бүгін дүниеге келіп жатқан аудио жыр кітабы жанарынан айрылған оқырмандар үшін ақындық әлемге бой ұратын сый деп білемін. Мұнда өмірді ерекше сүйетін, жүрегі нәзік жандар бар. Осындай жандар барда әлемде мейірім, махаббат мәңгілік болмақ", – деді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Толқын Қабылша.

Тұсаукесер – поэзиялық өлең кеші, оқырман мен автор арасындағы диалог, автор қолтаңбасы фото-сессиясы және арнайы келген зиялы қауым өкілдерінің ой-пікірімен алмасу, пікірталас форматында өтті.

Іс-шараға кітапхана оқырмандары, зағип жандар, мектеп оқушылары қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу