Елордада заманауи iQala қалалық қызметтер орталығы ашылды

881

iQala – қала билігі мен тұрғындарының ара-қатынасының жаңа форматы.  

Елордада заманауи iQala қалалық қызметтер орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов пен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев  iQala қалалық қызметтер орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қаладағы алғашқы iQala қалалық қызметтер орталығы "Астана – адалдық алаңы" жобасының аясында құрылды.

Орталықтың ашылу салтанатына келген қала әкімі Бақыт Сұлтанов пен агенттік басшысы Алик Шпекбаев жаңа орталықтың техникалық мүмкіндіктерімен танысып, тұрғындардың барлық санаттарына қолайлы әрі жайлы болатын жағдайларды бағалады.
 
iQala фронт-офисі  атқарушы органдар мен коммуналдық және муниципалдық қызметтердің, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау институттарының  қызметтерін  бір жерге тоғыстырып, тұрғындарға   "бір терезе" негізінде қызмет көрсетеді. Алаңның мақсаты – тұрғындар мен ШОБ өкілдерінің мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді алу процестерін мейлінше жеңілдету. Болашақта орталықта 25 компания топтастырылып, барлығы 130 қызмет көрсетіледі. iQala жобасының аясында арнайы интернет-портал  және мобильді қосымша жұмысын бастап, олардың көмегімен қала қызметтерін online режімде алуға мүмкіндік туады.
 
"iQala жұмысының нәтижесінде астаналық мекемелердің қызмет көрсету тиімділігі артады, қызмет көрсету процестері жеңілдетіледі, барлық қызмет көрсету процесі ашық әрі айқын болады", – деп атап өтті "Astana"  ӘКК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Темірлан Нұрғисаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу