Елордада запастағы әскери міндеттілер жиынға шақырылды

611

70-тен астам запастағы офицерлер, сержанттар мен сарбаздар астанадағы аумақтық қорғаныс құрамасына әскери міндеттілердің он күндік жиынына шақырылды, деп жазады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Елордада запастағы әскери міндеттілер жиынға шақырылды

Запастан шақырылған барлық азаматтар әскери қызметке жарамдылығын куәландыру үшін медициналық тексерістен өткен.

Әскери міндеттілер жиын барысында жауынгерлік үйлестіру іс-шараларына қатысады. Объектілерді күзету мен қорғауды ұйымдастыру, сондай-ақ диверсиялық топтарға қарсы күрес жүргізу кезіндегі іс-қимылдар зерделеніп, іс жүзінде пысықталатын болады.

Оқу-жаттығу жиындары астаналық аумақтық қорғаныс құрамасының базасында өтуде. Қатысушылар жатын орынмен, азық-түлікпен және киім-кешекпен толық қамтамасыз етілген. Бұдан өзге, жиындар кезінде запастағы әскери міндеттілердің жұмыс орындары сақталып, оларға орташа айлық жалақы төленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу