Елордада Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

1003

Аталған дода Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді деп жоспарланған.  

Елордада Жақсылық  Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

7-9 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында грек-рим күресінен Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Халықаралық бәсекеге Грузиядан 26, Тәжікстаннан 11, Қырғызстаннан 21, Ресейден 7, Өзбекстаннан 15 балуан қатысады. 

Еске салайық, танымал қазақстандық балуан Жақсылық Үшкемпіров 2020 жылы 2 тамызда 70 жасында қайтыс болды. Олимпиада ойындарының алғашқы қазақ медалін жеңіп алғанына 2020 жыл 40 жыл толды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу