Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің имамы болып Қыдырмин Қанат Қоянбекұлы тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz.
"Бүгін Бас мүфти Бас мешіт жамағатына имамды таныстырып, бұйрығын оқып берді. "ҚМДБ жанындағы Республикалық Бас мешітке Қыдырмин Қанат Қоянбекұлы имам болып тағайындалсын" делінген ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығында", – деп жазылған ҚМДБ сайтында.
Айта кетсек, Қанат Қоянбекұлы осыған дейін Ақмола облысының бас имамы, "Әзірет Сұлтан" мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу