Елордада жалға берілген 25 мыңдай пәтер бар

729

Елордада жалға берілген 25 мыңдай пәтер бар

Астананың жергілікті полиция қызметкерлері "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты - учаскелік полиция инспекторлары, көші-қон, криминалдық және патрульдік полиция және басқа да қызметтердің қатысуымен әрбір учаскелік аумақтардағы құқық бұзушылықтарды алдын алу.

Учаскелік полиция инспекторлары 5 қыркүйектен бастап өздерінің аумақтарында тұрып жатқан азаматтар туралы мәлімет алу үшін пәтерлер мен аулаларда тексеру жүргізді.

"Учаске" жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша учаскелік инспекторлар 300 мыңға жуық пәтер мен 30 мыңнан астам жеке үйлерді аралап шықты. Ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған 11 мыңға жуық азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сондай-ақ, 16 мыңға жуық азаматтық қару иелеріне тексеріс жүргізілді", - делінген хабарламада.

Іс-шараны жүргізу барысында жалға берілетін 25 мыңға жуық пәтер тіркеліп, олар туралы ақпарат Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.

Жалпы "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы 22 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, Қазақстан Республикасының көші-қон заңын бұзған 2500-ге жуық шетел азаматы анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу