Елордада жалған ПТР анықтамасын жасайтындар ұсталды

1064

Елордада жалған ПТР анықтамаларын сатудың екі фактісі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Полиция департаментіне сілтеме жасап.  

 Елордада жалған ПТР анықтамасын жасайтындар ұсталды

"Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері жеке медициналық орталықтың директорын ұстады. Ол теріс нәтижелі ПТР-тест тапсырғаны туралы жалған анықтама сатқан деген күдікке ілінген. Орталық басшысы заңсыз қызмет көрсеткені үшін "клиенттерден" 6 мың теңгеден алып отырған. Қазіргі уақытта полиция ПТР анықтаманы заңсыз алған адамдардың нақты санын анықтап жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінге хабарламада.

Сондай-ақ, полиция елден тыс жерде жүрген ҚР азаматы 5500 теңгеге теріс нәтижелі ПТР анықтамасын электрондық нұсқада дайындап, сатқанын анықтады. Анықтамаларды Телеграмм мессенджері арқылы жіберіп отырған. Ел аумағына келгеннен кейін күдіктіге қатысты қылмыстық заңнама шеңберінде шаралар қабылданатын болады.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша жалған құжаттарды дайындау және өткізгені үшін ҚР ҚК 385-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері елорда тұрғындарына жалған анықтамалар беру фактілерін анықтау бойынша бірқатар медициналық орталықтарға, емханаларға, вакцина алу пункттеріне тексеру жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, жалған құжаттарды дайындағаны немесе сатқаны үшін ҚР ҚК 385-бабына сәйкес 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу