Елорданың 23 жастағы тұрғыны ұялы байланыс call-орталығының операторы ретінде өзін таныстырып, пайдаланушыларды алдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде азаматтардың жеке деректерін қарап алып, оларға 450 мың теңге мөлшерінде ұтыс туралы хабарлама жіберген. Жүлдені алу үшін абоненттер өз балансын 10-12 мың теңгеге толықтыруы қажет болған. Сонымен бір уақытта, ұялы байланыс операторының мобильді қосымшасында ол басқа біреудің нөмірі мен клиенттер берген СМС-код нөмірлерін енгізген. Алайда, жалған операторға SMS-кодты хабарлағаннан кейін абоненттер салған қаражат олардың балансынан шешіп алынған.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдікті мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.