Қаскүнем дәмхана, компьютер клубы мен дүкендерді аралап, өзін кондиционер, бейне камера, ауа тартқыштарды жөндейтін маман ретінде таныстырып, жабдықтарды тексеріп жатқандай әрекет жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол пайдакүнемдік ниетпен әрекет етіп, мекеме қызметкерлері мен иесін адастырып, техникалық қызмет көрсетіп жатқандай көрініс қалыптастырады. Жәбірленушілердің сеніміне кірген сәттен, олардың ірі ақшасын ұсақ ақшаға айырбастап беруді ұсынып, ақша өзінің көлігінде бар екенін айтып, сол жерден шыққан сәтте қашып кеткен.
Алаяқтың әрекетінен 18 адам зардап шегіп, шамамен 3 млн теңге шамасында шығын келтірілген. Ол қаражатты жеке қажетіне жұмсаған.
Прокурор ұсынған айғақ негізінде сотталушының кінәсі толықтай дәлелденді.
"Сот үкімімен ол 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді", – делінген хабарламада.