Елордада жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді

607

Іс-шараға 50-ден астам жұмыс беруші қатысады.

Елордада жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді

17 қарашада Астана қаласында жұмыс іздеп жүрген азаматтарға арналған кезекті жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"17 қараша күні сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мақсатында жұмыссыз азаматтарға арналған жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараға 50-ден астам жұмыс беруші қатысады", делінген хабарламада.

Айта кетсек, жәрмеңке Астана қаласы әкімдігінің "Жастар сарайы" МКҚК Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу