Елордада жаңа автостанция ашылды

963

Бүгіннен бастап "Астана Сапаржай 2 – Қарағанды" және "Астана Сапаржай 2 – Степногорск" бағдары бойынша алғашқы рейсті жөнелту жоспарланып отыр.

Елордада жаңа автостанция ашылды

"Нұрлы жол" темір жолы вокзалы кешенінің территориясынан жаңадан "Сапаржай" автостанциясы ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа автостанцияны қосудағы негізгі мақсат – қаладағы транспорт инфрақұрылымын жеңілдету және рұқсат етілмеген тасымалдаушылармен күрес. Осы орайда, "Сапаржай-Астана" ЖШС жаңа автостанциясы ашылды.

"Біз миниавтовокзал секілді "Сапаржайдың" бөлімшесін ашып жатырмыз, бұл вокзал кешенінен жолаушылардың қала маңындағы және облыс орталығына жетіп алуына көмектеседі. Мұның бәрі біздің жолаушыларға қолайлы болу үшін жасалып жатыр, олар Астанаға дейін поезбен, ары қарай баратын жеріне автобуспен жетіп алады. Уақыты мен қаражаты үнемделеді. Бұл сол жағалауда тұратын және темір жол вокзалынан алыс емес тұрғындарға да қолайлы", - дейді "Нұрлы жол" теміржол вокзалы кешенінің директоры Дінмұхамед Құсайынов.

Автостанция бұдан басқа оңтүстік бағыттардағы қалааралық маршруттарға қызмет көрсетуді жоспарлап отыр, яғни Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Қызылорда, Шымкент және де облысаралық маршруттар: Степногорск, Қорғалжын, Ерейментау, Көкшетау, Державинск. Автостанцияда диспетчер, анықтама бюросы, медпункт, билет кассасы, жолаушыларды күтіп алып, шығарып салатын тұрақ аялдамасы бар. Автобустар мен көліктерге арналған автотұрақтың жалпы алаңы 8600 шаршы метрді құрайды.

Бүгіннен бастап "Астана Сапаржай 2 – Қарағанды" және "Астана Сапаржай 2 – Степногорск" бағдары бойынша алғашқы рейсті жөнелту жоспарланып отыр. Облысаралық, қалааралық және халықаралық автобус маршруттарына билеттер "Сапаржай" автовокзалынан да жаңа автостанциядан да сатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу