Елордада жаңа екі базар мен наубайхана ашылады - қала әкімі

366

Жаңа нысандардың құрылысына жекеменшік инвестициялар тартылған. 

 Елордада жаңа екі базар мен наубайхана ашылады - қала әкімі Фото: inbusiness.kz

Қала әкімі Жеңіс Махмұтұлы елорданың көкейкесті мәселесі ретінде азық-түлік қолжетімділігіне тоқталды,  деп жазады inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша біраз инвестиция жобалары іске асырылуда, мысалы, 8 жоба қолға алынып, сүт, ет комбинаттары мен наубайхана сынды нысандар 70 мың тоннадан астам өнім өндіреді. Сонымен қатар, дәл осындай өнім қуаттылығымен 7 мың га аймақты алып жатқан жылыжай кешендері бар", - деді әкім.

Базарларды демонополизация аясында құны 10 млрд теңге болатын заманауи 2 базар салынып жатыр. Сонымен қатар, биыл наубайхана мен екі көкөніс қоймалары ашылады.

Қала Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарымен көкөніс жеткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 14 млрд теңге сомасына 30 мың тонна өнімге келісімшарт жасалды, оның 24 мың тоннасы көкөністерге тиесілі: картоп -13,3 мың тонна, пияз – 3,2 мың тонна, сәбіз – 5,1 мың тонна және қырыққабат – 2,2 мың тонна.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу