Елордада жаңа ғибадатхананың іргетасы қаланды

793

Ғибадатхана Нұр-Сұлтан қаласының Сығанақ көшесі бойында "Жасыл квартал" тұрғын үй кешені ауданында бой көтереді. 

Елордада жаңа ғибадатхананың іргетасы қаланды

Шараға ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев пен елдегі православ шіркеуінің басшысы митрополит Александр қатысты.  Сонымен қатар Грекия, Сербия сынды шалғай шет мемлекеттерден де дін өкілдері келді, деп хабарлайды 24.kz.

Православ дәстүріне сай тарихи сәттің куәгерлері мен діндарлар дұға қылды.

Айта кетейік, ғибадатхана Нұр-Сұлтан қаласының Сығанақ көшесі бойында "Жасыл квартал" тұрғын үй кешені ауданында бой көтереді. 

"Мешіт пен ғибадатханалар салу елордамыздың көркіне көрік қоссын деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымды білдіремін. Өзі айтқандай, ислам мен христиан діндері көк аспанымызда қалықтаған бейбітшілік құсының қос қанаты іспетті. Жақсы адамдардың қолдауымен шіркеу құрылысы алдағы 3 жылдың ішінде аяқталуға тиіс",– дейді митрополит Александр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу