Елордада жаңа ғимараттар бой көтереді

1868

Елордада жаңа ғимараттар бой көтереді

Астана қаласының 2030 жылға дейінгі даму жоспарында бірнеше жаңа ғимараттар бой көтереді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Астанада Республика және Иманова көшелерінің қиылысында "Сити Палас" атты жаңа ойын-сауық орталығы пайда болады. Бұл орталықтың құрылысы жеке инвестициялар есебінен жүргізілмек. 

Астананың 2030 жылға дейінгі даму жоспары бойынша елордада жаңа ғимараттар бой көтереді, олардың арасында көп пәтерлі тұрғын үй кешендері де бар. 

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 2017-2021 жылдары шаршы метрі 330 мың теңгеге дейін жететін 100 мың пәтер пайдалануға беріледі. Құрылыс басқармасы арқылы бюджеттік қаражат есебінен – 8247 пәтер, оның ішінде 2017 жылы салынатын – 1120 пәтер (жалдамалы баспана – 300 пәтер, несиелік баспана — 820)", — деп хабарлады әкімдік. 

Жаңа тұрғын үй кешендері Шәмші Қалдыаяқов, Мәңгілік ел, Александр Бараев және Шоқан Уәлиханов, Тұран, Қабанбай батыр көшелері бойында пайда болады. 

2030 жылға дейін Астана бас жоспары бойынша тағы бір сауда және ойын-сауық орталығы — "Керуен-2" ашылады, ол Бәйтерек монументі төңірегінде орналаспақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу