Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында "Байқоңыр" ауданында жаңа гүлзардың ашылды, деп хабарлайды елорда баспасөз қызметі.
Қоғамдық орындар қала өмірінде өзектілігін арттыруда және де бұның айшықты себептері де бар. Елорда тұрғындары кешкі уақытта бақтар мен гүлзарларда жиі серуендей бастады. Осыны ескере отырып, "Байқоңыр" ауданында жалпы көлемі 10 мың м2 аса аумақты алып жатқан, Абай даңғылы бойында орналасқан (А.Сембинов пен Егемен Қазақстан көшелерінің аралығы) жаңа тағы бір гүлзар қолданысқа берілді.
Гүлзардың ашылуы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізіліп, елорданың кішкентай тұрғындарына арнап, мерекелік концерт, көңілді старттар, асфальтта сурет салу, аквагрим, балмұздақ тарату және тағы басқа шаралар ұйымдастырылды.