Елордада "Жаңа Қазақстан" бизнес-форумы өтіп жатыр

640

Іс-шара BUSINESS TECHNOLOGY EXPO 2023 атты халықаралық көрме шеңберінде өтуде.

Елордада "Жаңа Қазақстан" бизнес-форумы өтіп жатыр    Фото: El.kz

Астанада ESG-трансформация тақырыбына арналған "Жаңа Қазақстан" бизнес-форумы өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.  

"Біздің негізгі міндетіміз – бизнес пен билік арасында диалог орнату. Былтыр 70-тен астам компанияны біріктіретін ұлттық ESG клубын құрдық. Бізді трансформация бөлігінде бизнесті қолдаудың және қорғаудың бір түрі деуге болады. ESG трансформациясы дегеніміз дамудың маңызды өзегінде экологиялық, әлеуметтік, корпоративтік принциптерінің болуы. Бұл формат квазимемлекеттік сектор үшін ғана емес, бизнес үшін де, сонымен қатар мемлекеттік органдарға да келеді", - деді Ұлттық ESG клубының төрағасы Айдар Қазыбаев.  

Форум 4 бағыттағы тақырыптық сессиялар бойынша өтуде. Алаң жетекші кәсіпорындар мен атқарушы билік органдары өкілдерінің басын қосты.

"Жазушы әрі экономист Нассим Талебтің сөзінше, егер басшының қолынан 10 жылға арналған даму стратегиясын көретін болсаңыз, мұндай басшыдан кетуге болады. Себебі ол дағдарыс жағдайында әрекет ете алмайды. Оның жасаған 10 жылдық жоспарында қосымша жоспарлар, соғыс немесе пандемияның болуы туралы айтылмаған. Мұндай басшы стратегияда көзделмеген жағдайларда не істеу керегін білмейді. Көптеген халықаралық компаниялардың 10, 5 жылдық стратегиялары жоқ. Оларда нақты KPI бар. Мұнда нарық үлесі, KPI, табыс көзі, қызметкерлерді ынталандыру туралы көрсетіледі",- деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу