Елордада Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылы бойында автокөлік көпірін салу туралы ашық конкурс "Нұр-Сұлтан қаласының активтер және Мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды. Бұл жұмысты 13 771 195 160 теңгеге атқару ұсынылып отыр. Тендердегі тапсырыс беруші – қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Құжаттамада құрылыс жұмыстары былайша көрсетілген: "Тәуелсіздік даңғылының № А 43 көшесінен (жобалық атауы) Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаскесінде Есіл өзені арқылы өтетін көпір салу керек. I кезек-Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы. Түзету (сметалық құжаттамасыз). Учаскенің жалпы ұзындығы 653,70 метрді құрайды". Көлік жүретін бөліктің бөлу жолағы болуы тиіс: жол сегіз жолақтар, әрбір қозғалыс бағытында төрттен болады.
Жаяу жүргіншілердің транзиттік жолын қамтамасыз ету үшін учаскенің екі жағында ені 3 метрлік жаяу жүргіншілерге арналған тротуар жасалды. Оның бойында ені 1,5 метр болатын велосипед жолдарын салу қарастырылған. Тротуарды велосипед жолынан 0,5 м қауіпсіздік жолағы бөледі. Құрылысты 2022 жылдың соңына дейін аяқтау қажет.
Сондай-ақ, конкурс Есіл өзені арқылы №27 көшемен өтетін ұзақ құрылыс көпірін салуға да жарияланды. Бұл қызметтер 1,8 млрд теңгеге бағаланады. Әкімдіктің мәліметі бойынша, 2018 жылы жобаның 70% орындалған.
Жобаланған көпір өткелі № 27 көшенің Есіл өзені арнасымен қиылысында орналасқан. Әкімшілік жағынан нысан Нұр-Сұлтанның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Көпір жаңа теміржол вокзалының ауданын (оң жағалау) және Ұлы Дала даңғылын (сол жағалау) біріктірмек.