Елордада жаңа оқу жылына арнап тағы 13 мектеп салу жоспарлануда

419

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Сарыарқа ауданының тұрғындарымен кездесті, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Елордада жаңа оқу жылына арнап тағы 13 мектеп салу жоспарлануда Фото: gov.kz

Жеңіс Қасымбек аудан тұрғындарымен бірге әлеуметтік нысандар, инженерлік желілер, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, жолдар салу, абаттандыру, көгалдандыру сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ қала тұрғындары тұрғын үй кешендерін жөндеу, апатты үйлерді бұзу, автобустар бөлу, бағдаршамдар, жарықтандыру тіректерін орнату, интернет жүргізу секілді т.б. мәселелерді көтерді.

"Қалада әлеуметтік нысандарға деген қажеттілік бар. Жаңа оқу жылына арнап тағы 13 мектеп салуды жоспарлап отырмыз, оқу орындары оның ішінде Сарыарқа ауданында да орналасатын болады. Сол сияқты бірқатар медициналық мекемелердің, әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысын жобалаймыз. Күн жылынып, көктем мезгілінің басталуымен жолдар, қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салу ісіне кірісеміз.

Тағы бір маңызды мәселе – апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу. Өткен жылы тозығы жеткен үйлерден 300-ден астам отбасыны көшірдік. Бұл көрсеткішті ары қарай да сақтаймыз.

Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды, оның орындалу барысы туралы хабардар етеміз. Мұндай кездесулер қаланың барлық ауданында тұрақты түрде өткізілетін болады, оның ішінде жергілікті орындарда – елді мекендерде, шағын аудандарда ұйымдастырылады", - деп жазды елорда әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу