Астанада жаңа тұрғын үйлерге қазақша атау беру үрдісі белең ала бастады

119

Бұл туралы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Астанада жаңа тұрғын үйлерге қазақша атау беру үрдісі белең ала бастады Фото: canva

Астанадағы құрылыс компаниялары жаңадан салынған тұрғын үйлерге қазақша атау беруге бет бұра бастады. 

– Соңғы 2 жыл ішінде тұрғын үй атауларына байланысты ірі құрылыс компанияларымен бірнеше кездесу өткіздік. Бұған дейін тұрғын үйлердің 60-70 пайызына шетелдік атаулар қойылып келсе, қазір сол компаниялар тұрғын үйлерінің 60-70, тіпті кейбірі 80 пайызына дейін дәстүрлі, ұлттық атаулар беріп жатыр, – деді ол қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында.

Сәкен Есіркептің айтуынша, балабақшалар мен мектептерге баратын балалардың ата-аналарымен де жиі кездесулер ұйымдастырылып жүр.

– 2021-2022 оқу жылында қазақ сыныптарында оқитын оқушылардың үлесі 52 пайыз болса, соңғы оқу жылында бұл көрсеткіш 65 пайызға жетті. Бірақ бұл жеткілікті емес. Мысалы, соңғы жылы қалалық білім басқармасына қарасты мемлекеттік балабақшаларға жаңадан келген бүлдіршіндер толығымен қазақ тобына қабылданды. Бұл үрдісті алдағы уақытта да жалғастырғымыз келеді, – деді басқарма басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу