Елордада жаңа жаяу жүргіншілер променады ашылады

688

Республика даңғылынан Ш.Уәлиханов көшесіне дейінгі аралық абаттандырылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордада жаңа жаяу жүргіншілер променады ашылады

Елордада Бараев көшесінде кезекті жаяу жүргіншілер жолы пайда болады. Қалалық урбанистика орталығының қызметкерлері айтқандай, бұл жаяу жүргіншілер үшін қаланың ең ыңғайсыз көшелерінің бірі. Яғни оның белгілі бір тұстарында жаяу жүргіншілерге арналған тротуар жоқ, тұрғындардың емін-еркін жүруіне қиындық тудыратын, автотұрақ үшін пайдаланылмаған аумақтар бар. Ал кейбір жерлерде топырақтың биіктігі тротуардан да жоғары, бұл да жаяу жүргіншілер үшін қолайсыздық туғызады. Әсіресе жаңбыр жауғаннан кейін бұл қолайсыздық күрт артады. Сол сияқты мүмкіндігі шектеулі және халықтың аз қозғалатын топтары үшін арнайы пандустар қарастырылмаған, ал кейбір учаскелерде шұңқырлар пайда болған.

Естеріңізге сала кетейік, қыста Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығы мен Алматы ауданы әкімдігінің қызметкерлері жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізген. Ұсыныстар мен өтініштер жиналғаннан кейін, қала тұрғындарының пікірі негізінде бірлескен эскиздік жоба жасалды. Нәтижесінде, аудан әкімдігі жобаны жүзеге асыруға кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу