Елордада Жаңа жылда 125 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеген

976

Қаладағы барлық аурухана күшейтілген режимде жұмыс істеген.  

Елордада Жаңа жылда 125 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеген

Елордада Жаңа жылда 125 жедел жәрдем бригадасы кезекшілік атқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, Жаңа жылда 125 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеген.

"Қоңырауларды 13 диспетчер қабылдады және қызметкерлер арасынан 355 фельдшер мен жүргізуші шақыртуға шыққан.

Жаңа жылда барлығы 125 жедел медициналық көмек бригадасы азаматтардың шақыртуларына қызмет көрсетті. Оның ішінде МСАК ұйымдарының бригадалары да бар", - деп жазылға хабарламада.

Жаңа жылда жұмыс істеген фельдшер Алмат Азатжановтың айтуынша, бір ауысымда 5 шақырту түскен.

"Кез келген жағдайда қабылдау бөлмелеріне немесе жарақат пунктіне жедел жеткіземіз. Онда дәрігерлер әрдайым көмек көрсетуге дайын. Жалпы ауысым тез өтеді. Маған жұмысым ұнайды. Сондықтан отбасыммен бірге болмағаныма қатты өкінбеймін", - деді фельдшер.

Барлық қалалық аурухана күшейтілген режимде жұмыс істеген. Қосымша палаталар мен төсек-орындарды ұйымдастыру қарастырылған.

"Осылайша, елордалық клиникалардың екі жүзге жуық медицина қызметкері жаңа жыл түнінде кезекшілік етті. Травматологтар, хирургтар, акушер-гинекологтар, реаниматологтар және тағы басқа кәсіби мамандар науқастарға медициналық қызмет көрсетті", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу