Нұр-Сұлтанда Жаңа жылда 16 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2021 жылғы 31 желтоқсаннан 2022 жылғы 1 қаңтарға қараған түні 16 нәресте жарық дүние есігін ашты.
"Жаңа жылда көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында 6 қыз және 10 ұл бала дүниеге келді. Орта есеппен бір тәулікте 80-90 бала дүниеге келеді", - деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу