Елордада жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмайды

634

Жаңа жыл қарсаңында елорда аумағында мерекелік шаралар ұйымдастырылмайды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы айтты. 

Елордада жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмайды

"Биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты қала аумағында мерекелік шаралар ұйымдастырылмайды. Соған қарамастан үйдегі қауіпсіздік шараларына мән бергім келіп отыр. Шыршаларды безендірген кезде шыршалар мықты және құламайтын негізде орнатылуға тиіс. Олар эвакуациялық жолдарға бөгет болмауы шарт. Шыршалар қабырға мен төбеге 1 метр жетпейтіндей ара қашықтықта тұруы керек. Сонымен қатар шыршаларды безендіруге қолданылатын электр шамдар электр қондырғыларды пайдалану қағидаларына сәйкес болуы шарт. Бұған қоса, олардың шамдарының кернеулігі 12 вольттан, ал қуаттылығы 24 ваттан аспайтын болуы керек", - деді басқарма басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу