Елордада және 5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

385

Еліміздің орталығы Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.  

Елордада және 5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК 4 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.

Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болжанады.

4-5 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде сондай-ақ тұман болады.

4-5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз 4 қарашада, тәулік бойы 5 қарашада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу