Елордада жас отбасылар арасында эстафеталық жарыс өтті

659

Отбасылық эстафетаға 35 жасқа дейінгі отбасылар арасынан 50-ден аса өтінім түсті.

Елордада жас отбасылар арасында эстафеталық жарыс өтті Фото: gov.kz

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай жас отбасылар арасында "Көңілді старт" отбасылық эстафетасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – жас отбасылардың дәстүрлі отбасылық институтын насихаттау, отбасы құндылықтарын түсіндіру, жас отбасылар арасында спорттық рухты қалыптастыру және отбасылық қатынастарды нығайту.

"Іс-шара Астана қаласында алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, жастар арасында елімізде ажырасу көрсеткіші жыл сайын артып жатыр. Дәл осындай турнирлер арқылы жас отбасылар эмоциясын шығарып, бір-бірімен жақындай түседі. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанып, спортты жанына серік еткен өзге жанұялармен жақын танысуға мүмкіндік алады. Біз бұл шарамен шектеліп қалмаймыз. Алдағы уақытта зияткерлік, фото-видео, ұлттық дәстүрді қамтитын өзге де жарыстарды өткізуді жоспарлап жатырмыз", - деді ұйымдастырушы әрі "Қазақстан жастарының конвені" жеке қоры директорының орынбасары Марат Мұхамеджанұлы.

Сайысқа 37 жас отбасы (14-35 жас аралығындағы) қатысты. Алғашқы кезеңде күйеуі турникке тартылса, әйелі баскетбол добын 5 мәрте сақинаға лақтырды. Бәсекенің тартысты болғаны соншалық, 2 жанұяның көрсеткіші тең болып, отжимание мен скакалка секіру арқылы мықтыны анықтауға тура келді.

Эстафета нәтижесінде үздік 15 отбасы анықталды. Олар:

Бірінші орын – 200 мың теңге – Тілеуовтар отбасы;
екінші орын – 150 мың теңге – Құрметбековтер отбасы;
үшінші орын - 100 мың теңге – Романовтар отбасы.

Ал қалған 12 отбасының әрқайсысына 20 мың теңгеден табысталды.

"Кез келген адам сайысқа қатысқанда жеңуге талпынатыны анық. Оған не әсер етеді? Біріншіден, жақсы дайындық.

Екіншіден, әділ төрелік. Қуанышымызға қарай, төреші әр сәтке назар аударып, бабымыз бен бағымыз бірдей жанды. Тек біз ғана емес, чемпион атануға үміткерлердің қарасы көп болды. Біз үшін өте сәтті аяқталғанына қуаныштымыз!" – деді Тілеуовтар отбасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу