Елордада жасөспірім 19-қабаттан секіріп мерт болды

601

Астанада 14 жастағы қыз 19-қабаттан секіріп көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz .

Елордада жасөспірім 19-қабаттан секіріп мерт болды Фото: stan.kz

Бүгін, 2 қараша күні сағат 17.25-те Астана қаласы Алматы ауданының полиция бөліміне шұғыл хабар түскен. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Астана қаласы, Қуанышбаев көшесінің бойында жасөспірімнің мәйіті табылған. 

"Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Ол - 19-шы қабаттан секірген 14 жасар қыз болып шықты. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу