Елордада қардың мол жаууына байланысты күндіз-түні жұмыс істеп жүрген коммуналдық қызметкерлерге арнап "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында мейірімділік іс-шарасы ұйымдастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Нұра ауданында коммуналдық қызметкерлерге қолайсыз ауа райында дем беру үшін ыстық тамақ пен тәтті шай таратылды.
Ал Есіл ауданында "Астана жастары" ЖРО соңғы уақытта трендке айналған видеоны қайталап, коммуналдық қызметкерлердің алақанын шоколадқа толтырды.
Бұл кішігірім, бірақ қамқорлық белгісі қала игілігі үшін күнделікті еңбек ететін адамдарды қолдауға бағытталған акциялардың ортақ дәстүріне айналды.
"Біздің жұмысымыз, әсіресе қарлы күндері, оңай емес. Бірақ жұрттың қолдауы мен қамқорлығы қуантатыны сөзсіз", – деп бөлісті "Астана Тазалық" ЖШС қызметкерлерінің бірі.