Елордада жастар жылын қолдауға арналған Self-made форумы өтіп жатыр

2598

Форумның ашылуында ҚХА төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко сөз алды.

Елордада жастар жылын қолдауға арналған Self-made форумы өтіп жатыр

Елордада, "Назарбаев" университетінде Жастар жылын қолдауға арналған Self-made форумы өтіп жатыр. Шараны Қазақстан халқы ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы ұйымдастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Барлықтарыңызды Қазақстандағы Жастар жылының ашылуымен құттықтап, шын жүректен таңдаған салаларыңызға зор табыстар тілеймін. Жастар жылы әлеуметтік мемлекеттің қазақстандық моделін алға қарай ілгерілетуде зор қадам болмақ. Жастар жылының ашылуында мемлекет басшысы Қазақстан жастарына жолдау арнады десек те болады. Біздің жастарымыз үшін әлеуметтік бірегей жаңа лифті құрылды. Жұмыссыз жастар үш жылдан кейін оқымаған, жұмысы жоқ жастардың қалмайтындығына нық сенім арқалады", – деді форумның ашылуында сөз сөйлеген ҚХА төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко.

Оның айтуынша, жас ғалымдар ғылыми зерттеулерін жүргізуге арналған гранттардың екі есе көп алатын болады. Жаңа жоғары оқу орындары мен колледжер құрылып, болашақ 100 мамандық дайындау жұмыстары қолға алынады.

"Жастар жылының ашылуында президент Қазақстанда жаңа технологияларға, жаңа кәсіпке негізделген 1200 жаңа кәсіпорынның құрылғандығын атап өтті. Мұның барлығы да жастар үшін жасалуда. Сіздер сол кәсіпорында жұмыс істеп, Қазақстанның жаңа индустриясын ілгерілететін боласыздар", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу