Елордада жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

1250

Қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы Байқоңыр ауданында орналасқан кезекті жастарға қызмет көрсету орталығын ашты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Елордада жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

Бұл орталықта 14-29 жас аралығындағы жастар мынадай мәселелер бойынша кеңес ала алады:
- Кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру;
- Волонтерлерді қабылдау;
- Тұрғын үй бойынша мемлекеттік бағдарламалар;
- Жастар бастамаларын қолдау (бизнес ашу, іс-шаралар ұйымдастыру, жобаларды қолдау);
- Бос уақытын пайдалы әрі тегін өткізу (спорттық секциялар және шығармашылық үйірмелер).

"Жастар саясаты мәселелері басқармасы жұмысының негізгі бағыттары – жастарға жан-жақты қолдау көрсету, консультативтік көмек көрсету. Осыған орай, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің тапсырмасы бойынша жастарға қызмет көрсету орталығын ашып отырмыз. Мұндай орталықтар жастарымызды қолдауға арналған қандай бағдарламалар мен жобалар іске асырылып жатқанын білуі үшін қажет. Осы бағытта біздің орталықта "Астана жастары" орталығының, халықты жұмыспен қамту орталығының және "Отбасы банк" АҚ қызметкерлері тікелей жұмыс істейтін болады. Барлық сұрақ бойынша жастар күн сайын дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін кеңес ала алады. Консультативтік көмек барынша көрсетіледі", – деді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу