Елордада "Жасыл Астана" экологиялық айлығы өткізіледі

505

2022 жылы Астанада экологиялық сенбіліктер аясында 6 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды.

Елордада "Жасыл Астана" экологиялық айлығы өткізіледі Фото: Астана әкімдігі

8 сәуірде елордада "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында алғашқы коммуналдық сенбілік өтті. Оған 11 мыңнан астам адам, 217 кәсіпорын мен ұйым қатысты. Бір ай ішінде қалада тағы бірнеше сенбілік ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

8 сәуірден 6 мамырға дейін елордада "Жасыл Астана" экологиялық айлығы өткізіледі. Айлық шеңберінде жалпықалалық екі сенбілікті – 22 сәуір және 6 мамыр, ал үш коммуналдық сенбілікті – 8, 15 және 29 сәуір күндері – аудандық әкімдіктер мен коммуналдық қызметтердің күшімен өткізу жоспарланған.

Елордада алғашқы көктемгі коммуналдық сенбілік 8 сәуірде өтті. Еңбек ұжымдарының, қала тұрғындарының көмегімен полигонға 555,58 тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Жалпы ауданы 2,5 млн шаршы метрден астам саябақтар мен скверлерді жинау жүргізілді. Іс-шараға аудандық әкімдіктер, коммуналдық қызметтер, ПИК және МИБ ұжымдары, шағын және орта бизнес субъектілері белсенді қатысты.

Сонымен қатар, Абылай хан даңғылы, Қажымұқан, Петров, Бөлекпаев, А-105, Балталы көшелерінде мәслихат депутаттары, тұрғындар мен еріктілер ағаш отырғызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу