Осыған орай елорда әкімдігі қаладағы ағаштар, бұталар, көгалдар мен гүлзарларды суару бойынша арнайы топтарды жұмылдырды.
"Ауа райы күрт ысып, температура 36 және одан жоғары градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты көше-жол желісін қарқынды жуу туралы шешім қабылданды", - деді "Астана-Зеленстрой" ЖШС ресми өкілі Рүстем Нұрсағитов.
Елорданың төрт ауданында ондаған арнайы техника күндіз-түні екі ауысыммен жұмыс істейді.
Түнгі суару жұмысы күн сайын кешкі 7-ден таңғы 5-ке дейін жүргізіледі.
Қалалық коммуналдық қызметтер жасыл желектерден бөлек, жолға, тротуарларға, аулалар мен автотұрақтарға су себумен де айналысады.
Суару уақыты судың аз буланатын, сондай-ақ арнайы техниканың көлік қозғалысына кедергі келтірмейтін уақытына сәйкес келеді.
Айта кету керек, саябақтарда, гүлзарларда және қаланың басқа да қоғамдық кеңістіктерінде ағаштар мен жасыл желектерді суару автоматты жүйе арқылы жүзеге асырылады.