Елордада жауған қар рекордтық мөлшерге жетті

1031

Қардың астында қалған Елорданы тазарту үшін әкімдіктің бюджетінен 200 млн теңге жұмсалған.  

Елордада жауған қар рекордтық мөлшерге жетті

Елордада соңғы жарты ғасырда жаумаған қар биыл рекордтық мөлшерде түсті, деп хабарлайды Atameken Business.

Тіпті, 1 айдағы жауын-шашынның көлемі әдеттегі нормадан 3 есеге асып кеткен. Синоптиктер дәл осындай көрсеткіш 1964 жылы тіркелгенін айтады.

Ал биыл ақұлпаның қалың жауғаны сонша, коммуналдық қызмет қосымша техниканы тартып, жұмысшылармен қоса әскерилерді де жұмылдырған. Есепке сенсек, қыс басталғалы Нұр-Сұлтан көшелеріне 1159 техника мен мың жарымға жуық жұмысшы қардан тазалауға шығыпты. Соңғы күндері коммуналшылар техниканың санын 1200-ге жеткізсе, күрек ұстағандардың қатарын 142 адамға көбейткен. Шаһарды қардан тазалаушы компания өткен айдан бері 214 мың рейс жасап, 2,5 млн текше метр ақұлпаны сыртқа шығарыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу