Елордада жаяу жүргіншілер мен велосипед тебушілерге қолайлы жағдай жасалады

596

Басқарма мәліметінше, бұл қаланың қоғамдық орындарының бәрінен қоршаулардың алынып тасталатынын білдіреді.  

Елордада жаяу жүргіншілер мен велосипед тебушілерге қолайлы жағдай жасалады

Елорданың урбанистика орталығы "Қоршаусыз қала" тұжырымдамасын жүзеге асырмақ, деп хабарлайды қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметі.

Ұсынылған ақпаратқа қарағанда, белсенділер аудандық әкімдіктің өкілдерімен және түрлі нысан иелерімен келіссөз жүргізіп, қоршауларды алып тастау келісіміне қол жеткізген.

Бұл қалада ашық әрі дос пейілді орта құруға мүмкіндік береді. Негізгі мақсат – жаяу жүргіншілер мен велосипед тебушілер үшін қоршаусыз қоғамдық кеңістік құру.

Урбанистика орталығының жетекшісі Елнар Базыкеннің айтуынша, бүгінгі күнге дейін Жерұйық саябағының қоршауы алынып тасталған.

Алдағы уақытта дәл осындай жұмыс Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті төңірегінде және барлық шағын аудандарда кезең-кезеңімен жүргізіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу