Нұр-Сұлтанда 28 сәуірде "Жазғы лагерь - 2019" жәрмеңкесін өтеді, деп хабарлайды elorda.info.
"2019 жылы 28 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін "Жазғы лагерь – 2019" жәрмеңкесін өткізеді. Жәрмеңке М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының жанында орналасқан Әзірбайжан Мәмбетова көшесі, 1/1 мекенжайы бойынша "Арбат" бульварында өтеді", – делінген хабарламада.
Жәрмеңкеге Ақмола облысындағы үздік сауықтыру лагерьлері: "DISCOVERY", "Миротворец", "Балдәурен", "Сұңкар", "Звездный", "ARMAN", "Парус", "Самұрық", "Nomads Camp", "Жұлдыз", "Чайка", "Сокол", "Лесная сказка", "Тұлпар", "Батыр" қатысады.
Әрбір ата-ана жазғы лагерьлер ұсынып отырған бағдарлама, тұру және тамақтану шарты, тасымалдау және қауіпсіздік ережесіне қатысты сұрақтарды жәрмеңке барысында анықтай алады.