Елордада Жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылады

1467

Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек осылай деп мәлімдеді. 

Елордада Жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылады

Оның айтуынша бұл орталық әкімдік пен халықтың ашық әрі қауіпсіз байланыс орнатуына ықпал етеді. 

"Біздің барлық қызметтер қауіпсіз болуы үшін 2021 жылы Жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылады. Бұл өз кезегінде деректердің қауіпсіздігі мен ортақ базада сақталуын қамтамасыз етіп, хакерлік шабуылдардан қорғайды. Сонымен қатар бізде Smart Astana қосымшасы бар. Онда қала тұрғындары мен қонақтарына шаһардағы соңғы өзгерістер туралы ақпараттар жүктеледі, әрі мегаполистің көрікті аймақтарына 3D-турлар бар. Биылғы жылы қосымшаны жетілдіру жоспарланған", – деді спикер. 

Ботагөз Қасабектің сөзінше бізде Smart Astana қосымшасын модернизациялау жұмыстары биылғы жылдың ақпан айында басталады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу