Елордада жемқорлық ісі бойынша күдіктінің туыстары митингке шықты

1073

Жиналғандар оның кінәсіз екенін айтып, объективті тергеу жүргізуді талап еткен.

Елордада жемқорлық ісі бойынша күдіктінің туыстары митингке шықты Фото: Toppress.kz

12 мамырда Астанада Астана қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдіктінің туыстары қатысқан рұқсат етілген митинг өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сондай-ақ, Антикор "Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Жетісу филиалының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын түсіндірді. 

"Ол Алматы облысына осыған ұқсас қызметке ауысуы үшін Ұлттық орталық басшылығына 2500 доллар көлемінде пара берді деген күдікке ілінді. Бұл адамның әрекетінің біліктілігі прокуратурамен келісілді", делінген Антикор хабарламасында.

2023 жылдың 31 наурызында соттың рұқсатымен күдікті қамауға алынды.

Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны айтылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сай өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу